15:03, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
«Қазпошта» көліктеріне электронды бақылау жүйесін енгізу арқылы жанармайды 20 пайызға үнемдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» көліктеріне электронды бақылау жүйесін енгізу арқылы жанармайды 20 пайызға үнемдеді. Бұл туралы бүгін «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.
«Біз барлық көліктерімізге JPS жүйесін енгіздік және шынайы уақыт режімінде біздің кез келген көлігіміздің қозғалысын бақылай аламыз. Бұл олардың бағдардан таймауы, жолда үйіне кіріп кетпеуі және басқа жаққа бұрылмауы үшін жасалуда. Аталған жүйе жұмыс сапасын айтарлықтай көтерді», - деді «Қазпошта» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Азат Машабаев.
Өз кезегінде «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Бағдат Мусин бақылау жүйесін енгізудің нәтижесінде компания жанармайды айтарлықтай үнемдей алғанын баса айтты.
«Бұл жоба жанармайды 20 пайызға үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр», - деді ол.