14:28, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Қазселденқорғау» аймақтық бөлімі жексенбі күні 6 мың текшеметр қарды қолдан көшірді ? Шығыс Қазақстан
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Қазселденқорғау» қызметінің мамандары жексенбі күні Өскемен-Тарғын-Самар тас жолының 89-шы шақырымында қар көшкінін қолдан жасау шараларын жүргізді. Бұл шара барысында таудан 6 мыңға жуық текшеметр қар көшірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қар көшкінінен кейін үш трактор үйінділерді тазартуға кірісті, 14 сағаттан кейін жол көлік қозғалысына ашылды. Бүгін облыс жолдарының барлығы кез-келген техника үшін ашық. Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы тәуліктерде өңірде қар жауып, боран болуы, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, кей жерлерде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.