Қазталов, Жәнібек аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды - БҚО
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Н.М.Бекқайыр Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттанушы мамандықтары бойынша бітірген. Түрлі салада жауапты қызметтер атқарған оның басшылық жұмыста тәжірибесі мол. Соңғы қызмет орны - БҚО автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы.
Мұрат Рахметұлы Мұқаев Жәнібек ауданының әкімі болып жұмысқа кірісті. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Каспий қоғамдық университетін бітірген ол банк, кеден саласында еңбек еткен. 2011 жылдан Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аудан активтеріне жаңа әкімдерді таныстырды.
Сондай-ақ облыс әкімінің өкімімен Марат Түсіпқалиев, Жеңіс Серікқалиев, Алдияр Халелов сәйкесінше Бөрлі, Теректі, Шыңғырлау аудандарының әкімдері болып қайта тағайындалды.