08:19, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Қазталовтық кәсіпкер тасқын судан зардап шеккендерге қолұшын созды
ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазталов ауданы Бостандық ауылдық округіндегі «Өркен» шаруа қожалығының басшысы Сабырғали Бекмұханбетов БҚО-да болған тасқын судан зардап шеккендер қорына 100 мың теңге аударды.

Кәсіпкер сондай-ақ аудандық малдәрігерлік ұйымы мен «Қазталов-Жәрдем» қоғамдық қорына 50 мың теңге аударды.
Бұл С.Бекмұханбетовтің бірінші қайырымдылық көмегі емес. Өткен жылы ол ауылдастарына мерзімдік басылымдарға жазылуға жәрдемдескен болатын.