Қазталовтықтар Александров Гай ауданында өткізілген жастар форумына қатысып қайтты

ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО Қазталов ауданының делегациясы көршілес Саратов облысы Александров Гай ауданында өткізілген «Достық жүректерді жылытады» атты жастар форумына қатысып қайтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш ауданда 18 мың адам тұратын болса, соның 52 пайызын қазақтар құрайды. Көптеген істерге Роза Нұрмұхамбетова басшылық ететін «Достық» қазақ мәдениеті орталығы ұйытқы болып келеді.

Александров Гай ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Коблов атап өткеніндей, ауданда көп ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Соңғы кезде аудан орталығында жаңа спорт кешені, балабақша ғимараты, тұрғын үйлер бой көтеруде.

Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Қадырбек Мұқанов екі жақты байланыстың жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Енді кедендік одақтың, бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына байланысты барыс-келіс одан сайын жақсара түсетін болады. 

Соңғы жаңалықтар