«Қазтеміртранс» отандық тауар өндірушілердің өніміне көшеді

Ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі.
Меморандумға сәйкес, «Қазтеміртранс» АҚ мен жүк вагондарын жөндеу саласында жұмыс істейтін отандық тауар өндірушілердің арасында 2012 жылдан 2015 жылға дейін ұзақ мерзімді сатып алу жөнінде келісімшарттар жасалады. Тауарлар бағасы 2012 жылғы деңгеймен сақталады. Ал ұзақ мерзімді келісімшарт сомасы 25 млрд. теңгені құрайды.
Меморандумға қол қою кезінде «Қазтеміртранс» АҚ өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі директоры Ерлан Өмірзақов атап өткеніндей, «қазақстандық компаниялармен келісімшарт жасаса отырып, «Қазтеміртранс» импортқа тәуелділіктен арылып, вагон жөндеуші өз кәсіпорындарын қажетті тұрақты, жоспарлы жабдық пен қосалқы бөлшектермен, ал отандық тауар өндірушілерді нақты тапсырыспен қамтамасыз етпек».
«Қазтеміртранс» АҚ-ның вагон жөндеудегі жыл сайынғы қажеттілігі 18-22 мың дана болса, толығымен тегістелген дөңгелектер сияқты қосалқы бөлшектерге деген қажеттілік жылына 20-22 мың дананы құрайды.
2011 жылда компания 20 847 вагонды жөндеуден өткізді. Олардың 1507 вагоны, депоның жылжымалы құрамының 18 067 вагоны кешенді жөнделген. 1273 вагон қызмет мерзімін ұзарта отырып жөндеуден өткен.
Жылжымалы құрамның жетіспеушілігін шешу мақсатында «Қазтеміртранс» АҚ 2012 жылы 16 000 вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 3000 вагоны отандық кәсіпорындарда жасалады.