«ҚазТрансОйл» РФ-тен ҚХР-ге бағытталатын мұнай транзитін 10 млн тоннаға жеткізуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Ресейдің Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілетін транзиттік мұнайының көлемі жылына 7 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ басшысы Нұртас Шманов мәлім етті.
None
None

«Қазіргі уақытта Ресейдің Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілетін транзиттік мұнайының көлемі жылына 7 млн. тоннаны құрайды. Біз оны ешбір теxникалық жетілдірусіз-ақ 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге дайынбыз. Келісім бойынша бізде 7 млн тонна деп көрсетілген. 7 млн тоннадан асатын болса, біз оны тарифтік бөлігіне өзгерістер енгізе аламыз», - деді ол Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, егер мұндай ұсыныс келіп жатса, пайдаға барлық тараптар кенеледі.

Соңғы жаңалықтар