«Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының 270 кітабы жарыққа шығып, кітапханаларға таратылды - ОҚО

Сонымен қатар 6 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 3-уі пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова атқарылған жұмыстар жөнінде журналистерге берген баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Облыс көлемінде жылдан жылға мәдени шаралардың саны мен сапасы артуда. Жалпы мәдениет ошақтарында 16723 көпшілік іс-шаралары мен жаңа спектакльдердің премьералары қойылып, 60 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды.
Облыс кітапханалар саны 152 мың дана жаңа кітаптармен толықтырылып, бүгінгі таңда 6 млн. 927 мың данаға жетті. Оның ішінде 39 кітапхана жаңа компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, 25 кітапхана интернет желісіне қосылды.
Облыстың рухани, тарихи мұраларына арналған «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының 270 кітабы жарыққа шығып кітапханаларға таратылды.
Алдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай салтанатты іс-шаралар, ғылыми конференциялар, акциялар, ақындар айтысы, байқау-фестивальдер ұйымдастырылатын болады, деп мәлімдеді басқарма басшысы.