ҚДБ Түркияның Эксимбанкінен 250 млн. доллар сомасында несие желісін алады

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның даму банкі мен Түркияның Эксимбанкі 250 млн. АҚШ доллары сомасында несиелік желіні ұсыну бойынша өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады ҚДБ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Ыстамбұлда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркияның Премьер-министрі Реджеп Ердоғанның қатысуымен өткен бизнес-форумның аясында «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен Түркияның Экспорттық-несиелік банкі (Эксимбанк) ҚДБ үшін 250 млн. АҚШ доллары сомасында несиелік желіні ұсынуды қарастыратын өзара келісім туралы меморандумға қол қойды.

ҚДБ тарапынан бұл құжатқа басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Мәдиев, Түркия Эксимбанкінің тарапынан - бас менеджердің міндеттерін атқарушы Месут Гюрсой қол қойды.

Несиелік желіні орнату ҚДБ-ға түрік тауарлары мен қызметтерінің экспорты, соның ішінде жабдықтар, техника және тағы басқаларын қоса алғанда инфрақұрылым және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық жобалар үшін қазіргіден де анағұрлым тиімді шарттармен инвестицияларды  тартуға мүмкіндік беретін болады.

Соңғы жаңалықтар