16:20, 01 Наурыз 2010 | GMT +5
Кеден одағы аясында баж салығы бойынша Қазақстан бюджеті ешқандай ұтылысқа ұшырамайды - Ө.Шөкеев
СТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеден одағы аясында баж салығы бойынша Қазақстан бюджеті ешқандай ұтылысқа ұшырамайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында жақында Мәскеуде өткен Кеден одағы комиссиясының кезекті отырысының нәтижесін баяндау кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ө. Шөкеев аталған отырыста баж салығын бөлу мәселесі қаралғанын айта келе, «Осыған байланысты біздің Қазақстанның үлесіне 7,36 пайызы түсетін болды. Бұл дегеніміз - былтырғы жылмен салыстырғанда екі еседен көп баж салығы түседі деген сөз. Сондықтан бюджет ешқандай ұтылысқа ұшырамайды», деді.