Кеден одағы аясында валюталық заңнама қайта қарастырылған жоқ - Қаржы министрі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шілденің 1-інен бастап әуежайларда Ресейге және Беларусқа ұшатын азаматтарды кедендік бақылаудан өткізу іске асырылмайды деген мәлімет шын ба? Құнды, антиквариат заттарын, сондай-ақ 10 мың АҚШ долларынан астам қаржыны ресми рәсімдеусіз өткізу мүмкін бе?» - деген сауалға министр: «Валютаны тасымалдау бойынша шектеу бұл валюталық заңнама. Кеден одағы аясында валюталық заңнама қайта қарастырылған жоқ. Бірақ та, Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша келісімді даярлау аясында ауқымы кең мәселелер қамтылады»,-деді.
Б. Жәмішевтің сөзіне қарағанда, егер Кеден одағы тауардың еркін тасымалдауын қамтамасыз етсе, ал Бірыңғай экономикалық кеңістік тұрғысындағы келісім жұмыс күшінің, капиталдың еркін жүруін, келісілген монополияға қарсы, ақшалай-несилік, сондай-ақ валюталық саясатты қамтамасыз етпек.
«Атап айтқанда, бұл тұрғыда экономикалық қатынастардың елеулі ықпалдастығы белгіленіп отыр»,-деді министр.