Кеден одағы біздің елдерімізді өздерінің жоғары технологиялық өндірістерін іске қосуға ынталандырады - ресейлік сарапшы

МӘСКЕУ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Кеден одағы біздің елдерімізді өзінің жоғары технологиялық өндірістерін іске қосуға ынталандыратын болады. Бұл туралы сәрсенбі күні Мәскеуде «Дағдарыстан кейінгі дамудың модельдері: Ресейдің мүмкіндіктер» деген тақырыпта өткен «дөңгелек үстел» барысында Ресейдің Дағдарыстан кейінгі даму институтының атқарушы директоры Екатерина Шипова мәлім етті.
None
None

Е.Шипова ханымның айтуынша, бүгінді таңда Қазақстан мен Ресейдің дағдарыстан кейінгі дамуының ең өзекті мәселелері - Кеден одағы аясындағы ықпалдастық үдерістер және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудың перспективасы болып табылады.

Экономистің айтуынша, біздің елеріміздің ортақ бір проблемасы - өткізу нарықтарының жеткіліксіздігі, себебі біздің елдеріміздің өздері сыртқы әлемдік ойыншылар үшін өткізу нарығының ролін атқарады.

«Дағдарыс кезеңінде Кеден одағы бізге өткізу нарықтарымызды кеңейту мүмкіндігін беріп отыр. Осынау ұйымға қатысушы мемлекеттер ішкі нарығының өз сұраныстарын қамтамасыз етудің мүмкіндігіне ие болып отыр. Нәтижесінде Кеден одағы бідің елдерімізді өздерінің жоғары технологиялық өндірістерін іске қосуға ынталандырады», -дейді Е.Шипова ханым.

Соңғы жаңалықтар