Кеден одағы біздің елдеріміздің ықпалдастығының жаңа серпінді кезеңі - Беларус, Қазақстан және Ресей президенттерінің бірлескен мәлімдемесі

Бұл туралы кеше "Ақбұлақ" кешенінде өткен ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде Беларус, Қазақстан және Ресей президенттері таратқан бірлескен мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшыларының бейресми кездесуінде қол қойылған ең алғашқы құжатта Кеден одағының құрылуы Беларус, Қазақстан және Ресей арасындағы ықпалдастықтағы жаңа серпінді кезең болатыны, оның нақты экономикалық тұтынуға ықпал етіп, аймақтық ықпалдастықтың әсері мен ролін күшейтіп, жалпы әлемдік ағымда өз көрінісін табатыны айтылған.
"Кеден одағы өзара сауданың өсуіне ықпал етіп, біздің өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттігін арттырады және инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің одағымызды құру Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы ықпалдастықты тереңдетеді деп есептейміз. 2012 жылдың қаңтарының 1-нен кешіктірмей Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға ұмтылатынымызды мақұлдаймыз", делінген Беларус, Қазақстан, Ресей президенттерінің бұл мәлімдемесінде.