Кеден одағы елдегі құрылыс сапасына оң ықпалын тигізеді - Инновациялық саясат департаментінің директоры

trong>. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеден одағына мүше елдердің нарығында тауар бағасы арзандайды. Оны Индустрия және сауда министрлігінің Инновациялық саясат департаментінің директоры Ғалым Әміреев бүгін Алматыда «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығындағы жаңа көрме маусымының ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеден одағы таза ықпалдастық бірлестігі. Ол үш елдің жалпы нарығын айқындайды. Онда бірыңғай кедендік тариф енгізіледі. Тауар шекарадан еш кедергісіз өтеді. Бұл құрылыс сапасына оң ықпалын тигізеді», дейді Ғалым Әміреев. Инновациялық саясат департамент басшысының сөзіне қарағанда, ортақ нарықта кедендік алымдар 5-20 пайыз аралығында болады. Бұл оған қатысушылардың бір-бірінен тауарларды жылдам және арзан бағада сатып алуына жол ашады. Сондай-ақ тауарлардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар