Кеден одағы елдері бірлесіп келісілген валюталық саясатты жасауы керек- - Григорий Марченко

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біздің Кеден одағы елдері бірлесіп келісілген валюталық саясатты жасау керек деген ұсынысымызбен ресейліктер келісіп отыр.
None
None

Бұл туралы ҚР Ұлттық төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингісінде айтты.

«Кеден одағы аумағында келісілген валюталық саясатты жүргізуде Еуропалық ықпалдастықтың үлгісі бар.
Онда мүше елдер біржақты девальвация жасамау туралы міндеттеме алған. Біз де бұл мәселені Ресей мен Белорустағы әріптестерімзбен ойластыруымыз керек. Алдағы уақытта орталық банктер қандай да бір қозғалыс жасаса өзге серіктестермен келісуі қажет», дейді Г. Марченко. Оның айтуынша, Қазақстанның халықаралық стандарт бойынша қаржылық қызметі 16 жыл бұрын басталды. Ол 1995 жылы «Ұлттық банк» пен «Банктер туралы» жаңа заңдар қабылданғаннан кейін жүзеге асты. Осы 16 жылда елде 2 рет девальвация болды. Оның біреуі - 1999 жылы, екіншісі - 2010 жылы жасалды. Екеуін де Қазақстан ішкі себептен емес, көрші елдердегі күрт девальвациядан кейін ғана жасады. Сол себепті қазір Кеден одағы аясында олар келісілген валюталық саясатты жасау үшін әріптестерімен жобалар мен пікірлер алмасуда. Ол біршама уақытқа созылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар