14:43, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Кеден одағы Еуроодақпен ынтымақтастыққа дайын - В.Путин
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей, Беларусь және Қазақстанның Кеден одағы басқа елдердің қосылуына ашық және Еуроодақпен тығыз қатынас орнатуға дайын. Бұл туралы бейсенбі күні РФ Үкіметінің төрағасы Владимир Путин мәлім етті, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.

«Жаңа қуатты ықпалдастық одағы бүкіл еуразиялық кеңістіктің геосаяси келбетін өзгертіп, ТМД-да бірігу үрдісін ынталандыратынына сенімдімін», - деді В.Путин.
В.Путиннің айтуынша, КО және БЭК жабық клуб емес. «Біз басқа елдердің қосылуына ашықпыз. Еуроодақпен тығыз ынтымақтастыққа да әзірміз, соның ішінде БЭК және ЕО диалогы бойынша да», - деді РФ Үкіметінің басшысы.