Кеден одағы Қазпоштаның жаңа тынысын ашып отыр - Пошталық логистика комитетінің төрағасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазпошта" АҚ-ында биыл Қашықтық саудасы жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылды. Клиент жылдам және дұрыс шешімдер қабылдауы үшін бизнесті дамыту керек. Оның қарқынды дамуына қажетті алғышарттар Қазақстанда бар", дейді Пошталық логистика комитетінің төрағасы Игорь Зубов. Қазір Қазақстан халқының саны Ресей тұрғындарының 10 пайызына тең. Яғни ресейлік компаниялар үшін Қазақстан нарығы қосымша 10 пайыздық әлеуетке ие. Егер онда ел тұрғындарының саны соңғы уақытта 1-2 пайызға кеміп келе жатса, Қазақстанда ол керісінше, өсіп келе жатыр. Халықтың табысы соңғы 5 жылда 3 есе ұлғайды. Жан басына шаққандағы кірісі жағынан қазір Қазақстан Ресейден қалыспай отыр. Ал кейбір облыстар мен қала тұрғындарының кірісі өте жоғары деңгейде. Бұл қашықтық саудасын дамытуда зор мүмкіндіктер береді.
"Ресей үкіметі қазір "электрондық үкіметке" көбірек мән беруде. Олар өкінішке қарай, интернет сауда өзінен-өзі дамиды деп санайды. Ал Қазақстанның ұстанымы бөлек. Ел Үкіметі интернет сауданың Қазақстан үшін болашағы зор екенін жақсы түсінеді. Кеден одағы - Қазпоштаның жаңа тынысын ашып отыр", деп санайды Игорь Зубов.