Кеден одағы жұмыс істей бастаған 1,5 айда Қазақстан бюджетіне 12 миллиард теңге көлемінде салық түсімі түсті - Салық комитетінің төрағасы

АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеден одағы жұмыс істей бастаған шілденің 1-нен бастап одақ аясында Қазақстан бюджетіне 12 миллиард теңге көлемінде салық түсімі түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан, Беларус және Ресей Федерациясы бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру шеңберінде салық және кеден заңнамасын дамыту. Трансферттік баға белгілеудің жағымды және жағымсыз тұстары» атты конференция барысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин айтты.

«Кеден одағы жұмыс істей бастаған 1,5 ай көлемінде одақ аясында салық түсімдерінің көлемі 12 миллиард теңге көлемінде болды. Жалпы жобалаған меже 11 миллиард 800 миллон теңге көлемінде болған еді», деді Салық комитетінің төрағасы. Оның айтуынша, алдағы уақытта түсім көлемі артуы тиіс. Өйткені әкімшіліктендіру жетілдіріліп, жемқорлықпен күрес шаралары күшейтілген. Дәулет Ерғожиннің айтуынша, жыл басынан бері салыққа түсімдердің жалпы көлемі 1 триллион 250 миллиард теңгені құраған. «Бұның ішінде кейбір сала бойынша жоспардан алда келеміз. Мәселен, көлік құралдары бойынша жылдық жоспар өткен 8 айда 97 пайызға орындалды. Қосымша құн салығы бойынша жылдық жоспардан 23 пайызға алда келеміз. Бұл сала бойынша қазірге дейін 70 миллиард теңге көлемінде салық түсті», деді Салық комитетінің төрағасы.

Соңғы жаңалықтар