Кеден одағын құру мәселесі бойынша әлі де ақпарат тапшылығы сезіледі - Ө. Шөкеев

;АСТАНА Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда Кедендік одақ құру бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша әлі күнге дейін ақпарат тапшылығы сезіледі. Бүгін Астанада өткен кеңес барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев осы мәселені атап өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылдың басты экономикалық оқиғасы ол - Кедендік одақ. Бүгінде біз осы бірлестікті құру бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Осыған қарамастан, Кедендік одақты құру аясында ақпарат тапшылығы сезіледі. Сондықтан біз мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының бірлескен кеңестерін жиі өткізу қажет деп санаймыз», деді Ө. Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар