16:44, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Кеден одағының шекарасы арқылы ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шарт ҚР Заңымен ратификацияланды
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.