Кеден одағының тиімді қызметі шетелдік инвестицияға да тартымды болмақ

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кеден одағының тиімді қызметі шетелдік инвестицияға да тартымды болмақ. Бүгін Индустрия және сауда министрлігінің ұйымдастыруымен елордада өтіп жатқан «Кедендік одақты қалыптастыру үдерісі» атты семинар барысында Cауда саясаты департаменті директорының орынбасары Ботагөз Кәкенова осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кедендік одақ шеңберінде бірегей кедендік тарифтер қолдану, басқа елдерге бірегей кедендік саясат ұстану шаралары ең алдымен жүзеге аса бастайды. Бұның барлығы экономикалық ықпалдастыққа жол аша отырып, Кеден одағы аясында тауар айналымдары үшін әкімшілік кедергілерді жоя түсетін болады. Сонымен бірге, экономикалық одақты қалыптастыру кедендік реттеуде түрлі бағыттағы бірегей тәртіпті қалыптастырады деп күтіледі. Осындай қадамдар мемлекеттер арасындағы бірегей кедендік аумақтың қамтымдылығын арттырып, Кеден одағы аясында ішкі кедендік бақылау алып тасталады. Бұл шара тауарлар қозғалысын одан сайын белсендіреді. Нәтижесінде, ішкі нарық ауқымы кеңейеді, жаңа өндірістің дамуы ынталанады. Сонымен бірге, Кеден одағы аясындағы мемлекеттердің әлемдік нарықта тауарлар бәсекелестігіне шығуына жағдай қалыптастырады», деді Б. Кәкенова.

Оның айтуынша, Кеден одағының тағы бір оңтайлы тұсы шетелдік инвесторларды тарту саласында да көрініс табады деп күтіледі. Бұдан басқа, Қазақстан, Ресей, Беларус елдерінің бірлескен кәсіпорындарын құруға да жағымды жағдайлар қалыптаса бастайды. «Мемлекеттер экономика, сауда-саттық саласына қатысты бос кеңістіктің орнын өзара ықпалдасу арқылы  толықтырып отырады», деді ол.

Соңғы жаңалықтар