11:29, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Кедендік одақ аясында Қазақстанның салық саласына түсетін салмақ арта түспек - Үкімет басшысы
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Келесі жылдың басынан бастап күшіне енетін Кедендік одақ аясында Қазақстанның салық саласына түсетін салмақ арта түспек. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осы мәселені атап өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның салық саласы Ресей мен Беларус елдерімен салыстырғанда ыңғайлы әрі тиімді болып тұр. «Сондықтан Кедендік одақ өз күшіне енген кезде көптеген тауарлар мен жүктер біздің елімізде кедендік тіркеуден өтуі әбден мүмкін. Осы және басқа да мәселелер отандық салық саласына тікелей байланысты. Сол себепті бүгіннен бастап мұның бәрін реттеп, үйлестіріп алған жөн», деді К. Мәсімов.
Сондай-ақ, ол 2010 жылда салық саласындағы әкімшілендіру жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтіп, әділ салық төлеушілерді мазаламауды тапсырды. «Ал салықтан жалтырғандардың бәрін анықтап, тиісті жазаларын беру қажет», деді Үкімет басшысы.