Кедендік одақ аясындағы кедендік баждар алдағы жылдардағы бюджет кірісіне оң әсер етуі тиіс - Б. Жәмішев

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кедендік одақ аясындағы кедендік баждар алдағы жылдардағы бюджет кірісіне оң әсер етуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«2011 жылғы республикалық бюджеттің трансферттік түсімдерді есепке алмағандағы кірістері 2 трлн. 636 млрд. теңге шамасында болжанып отыр. Бұл 2010 жылғы нақтыланған жоспарға 799 млрд. теңгеге артық. Кірістер түсімі негізінен корпоративтік табыс салығының 20 пайыздық деңгейде сақталуы есебінен қалыптасты. Бұдан бөлек, бюджеткке қосымша кірістердің басым бөлігі мұнайға экспорттық кедендік баж салығының тоннасын 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру шарасынан түсетіні күтіледі», деді ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Сонымен бірге, министр ағымдағы жылғы қыркүйектің 1-інен бастап Кедендік одақ аясында кеден баждары түсімдерін бөлу тетігі іске қосылғанын айтып, бұған сәйкес, Қазақстанның нормативтік бөлінісі 7,33 пайызды құрағанын мәлім етті. Бұл елге әкелінетін тауарлар баждарына қатысты болып отыр. «Бұл норматив бойынша алдағы жылдарда да жақсы түсімдер күтіледі. Сондықтан да кедендік баж алдағы жылдардың бюджетіне оң әсерін тигізуі тиіс», деді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар