Кедендік одақ еліміздің балық экспортының әлеуетін арттыра түседі - Ю. Ромашов

әуірдің 6-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан, Ресей мен Беларус елдері арасындағы Кедендік одақ еліміздің балық және балық өнімдері экспортының әлеуетін арттыра түседі.
None
None

Бұл бағытта тиімді шаралар қамтылып отыр. Бүгін балық шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиыны барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Юрий Ромашов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет төрағасының айтуынша, Кедендік одақ аясында отандық тауар өндірушілер үшін балық өнімдерінің экспортын жақсартуға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қамтылған. Мәселен, бұнда тарифтік емес реттеуге жататын балық өнімдері тауарларының тізбегі қысқартылады, яғни балық пен балық өнімдерінің экспорты кезінде рұқсат беру үдерістері тек қана тірі балыққа, тірі шаян тәрізділерге қатысты болады. «Ал қалған барлық балық пен балық өнімдерінің түрлері уәкілетті органдардан рұқсат алусыз-ақ экспортталатын болады. Біздің пайымдауымызша, бұл шара осы саладағы отандық тауар өндірушілер үшін экспорттық әлеуетті арттыра түседі», деді Ю. Ромашов.

Оның айтуынша, бұдан бөлек балық шаруашылығындағы жаңа заңнама аясында қазақстандық кәсіпорындарды қолдайтын нормалар да қарастырылған. Мәселен, аталған сала бойынша балық қорларын сақтауға арналған субсидиялар, балық аулау үшін арнайы жабдықтарға бюджеттік лизингтік кредиттер қамтылып отыр. Сонымен қатар, сала үшін арнайы салықтық режімнің енгізілуі де оң әсер ететін болады.

Соңғы жаңалықтар