Кедендік одақ жұмысына қатысты арнайы сайт ашылады - Ө. Шөкеев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тиісті ақпараттарды дер шағында қамтып отыру үшін Кедендік одаққа қатысты арнайы сайт ашылады. Біз тек осы мәселеге, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысына қатысты арнайы комиссия құратын боламыз. Қазіргі күні одақ аясындағы жұмыстарымыз бір арнаға түскендіктен апта сайын Үкіметте БАҚ өкілдерін қатыстыра отырып, ашық кеңестер өткізуге де мүдделіміз. Онда Кедендік одақ аясындағы барлық үдерістер туралы айтылатын болады», деді Ө. Шөкеев.
Оның айтуынша, әлем бойынша 17 кедендік одақ бар екен, бірақ бұлардың барлығы бірегей емес. «Осылардың ішінде бірегей әрі тиімдісі - Еуропалық кедендік одақ. Ал бұндағы ерекшелік: Еуропалық одақта Еурокомиссияның мемлекетүсті органы жұмыс істейді. Бұл комиссия өзінің барлық шешімдерін ұлттық Үкіметтерсіз тікелей қабылдайды. Осы мәселе бойынша да біз Конституциялық кеңестен түсінік алған болатынбыз. Онда белгілі бір қызметтерді мемлекетүсті комиссияға беру Конституцияға қайшы келмейтіні айтылды. Ендігі күні кедендік тарифтерге қатысты барлық өзгерістер осы Комиссияда қаралады. Ал біз осы өзгерістерді дер кезінде жариялап, халықты хабардар етіп отыруымыз керек», деді Ө. Шөкеев.