Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің жұмыс кеңесі өткізілді

Жұмыс кездесуіне Беларус, Қазақстан және Ресей ішкі істер министрліктері орталық аппараттары жетекші қызметтерінің, Батыс Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік және Кедендік бақылау комитеттері департаменттерінің, Қаржы полициясы агенттігінің басшыларымен қатар, Ресейдің жоғарыда аталған облыстарының шекаралық және кедендік органдарының бастықтары қатысты.
Кездесуге қатысушылар құқық қорғау органдарының шекаралас ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін қарады, қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бойынша пікір алмасып, ұсыныстармен бөлісті. Сондай-ақ Кедендік одақ жағдайында өзара іс-қимыл жасасудың негізгі қырларын белгіледі.
«Қазақстанның Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов ішкі істер органдарының шекаралас өңірлерде өзара іс-қимыл жасасуы дәйекті түрде дамып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқанын атап өтті», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бірлескен қызмет атқару нәтижесінде ынтымақтастықтың уақыт сынынан өткен нысандары мен әдістер кешеніне қол жеткізілді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс шарттарына бірлескен тәсілдерді бейімдеу талап етіледі. Бұл үшін ең алдымен ведомствоаралық, кешендік өзара іс-қимыл, бірінші кезекте шекаралық және кедендік қызметтер басты рөл атқаруы тиіс.
Сондай-ақ Беларусь, Қазақстан және Ресей Ішкі істер министрлері Ішкі істер департаментін, Жедел басқару орталығын, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісін аралап көрді және өңірдегі полицияның жұмысымен танысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.