Кедендік одақтан Бірыңғай экономикалық кеңістікке - бейресми кездесудің қорытындысы

sp;АЛМАТЫ. Желтоқсанның 20-сы.  ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ -    Қазақстан, Ресей  және  Беларус елдері  2012   жылғы қаңтардың 1-іне  қарай   Бірыңғай   экономикалық кеңістік құрады. Сенбі,  желтоқсанның  19-ында Алматы  маңындағы «Ақбұлақ»    тау  шаңғысы  курортында   өткен    Еуразиялық   экономикалық қоғамдастықтың  жеті мемлекеті басшыларының   бейресми кездесуінің басты     шешімі  осы    болды.
None
None

Бейресми жағдайда өткен  кездесуде аталмыш  үш  мемлекеттің басшылары,    келесі    жылдан бастап  жаңа кедендік тарифтің күшіне енетінін, ал   одан кейін  бірыңғай кедендік аумақ   құрылатынын   тағы  да      қуаттады.

«Кедендік  одақтың нақты  құрылғанын  және  Бірыңғай  экономикалық кеңістікті  құрудың кестесі  бекітіліп  жатқанын   біз  әлемге     мәлім етеміз»,-  деп атап  көрсетті Қазақстан   басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев   өз сөзінде.  Мемлекет басшысы  сондай-ақ, Кеден  одағы -  ықпалдастық үдерістің  екінші кезеңі  екенін атап  көрсетті.  Алғашқысы -  еркін  сауда-саттық аумағы.  Үшінші кезең -   ортақ   нарық,   Бірыңғай    экономикалық кеңістік,  одан кейін  Еуродаққа ұқсас Экономикалық одақ   құрылады.

Ресей  Президенті  Дмитрий Медведевтің  пікірінше,  дәл осындай   бейресми  кездесулер   маңызды   мемлекетаралық шешімдерді қабылдауға  сеп  болады. «Тәжірибе көрсетіп  отырғандай,  осындай бейресми  кездесулер  пайдалы  болып  жатады.   Кездесулердің барысында қандай да бір   хаттамалық немесе  басқа да шектеулерсіз әртүрлі  мәселелер  ашық   талқыланады,     кейде  біз   жақсы, серпінді    нәтижелерге  қол жеткізіп  жатамыз», - деп   атап  көрсетті Д.Медведев өз сөзінде. Оған  бірден-бір мысал -   ЕурАзЭҚ-тың  дағдарысқа қарсы қорын   құру  жөніндегі шешім. Ресей Президенті өз сөзінде  сондай-ақ, ЕурАзЭҚ елдерінің   басқа да  ортақ  алаңдаушылықтары  бар  екенін,  олар -   лаңкестік, есірткі трафигі,   ұйымдасқан қылмыстар   екенін  атап  көрсетті. «Біз осынау ығыттарға  екіжақты  және  басқа да негізде, аймақтық   ұйымдар  форматында қарсы   күресудеміз», - дейді Ресей   Президенті.

Үш  елдің    басшылары    жасаған   бірлескен мәлімдемеде,  мемлекет басшыларының ЕурАзЭҚ  кеңістігіндегі  ықпалдастық үдерістерді  әрі    қарай  тереңдету  ниеттерімен қоса,   2012   жылдың  қаңтарынан кешіктірмей     Қазақстан, Беларус және  Ресей  елдерінің  Бірыңғай  экономикалық кеңістігін   құруға деген   талпыныстары  атап көрсетіліп  отыр.

Соңғы жаңалықтар