18:21, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Кедендік одақтың құрылуы бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады - Қазақстанның елшісі
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Беларусь, Ресей және Қазақстан Кедендік одағының құрылуы бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Смирнов Витебскідегі халықаралық инвестициялық форумның ашылуында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.
«Кедендік одақты құру туралы келісім бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға ықпал етеді, ал одан кейін біздердің елдеріміздің іскер топтары өкілдіктерінің алдында жаңа перспективалар ашылады», - деді дипломат.
Витебскідегі халықаралық инвестициялық форумға Қазақстан іскер топтардың үлкен делегациясы қатысуда. «Бұл біздің еліміздің Беларуспен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігімізді білдіреді, - деді елші. - Форумда белгілі бір уағдаластыққа қол жеткізетінімізге сенімдімін».