Кеденшілер басқосуында улы заттарды тасымалдау жайы қарастырылды - Ақмола облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҰҰ-ының қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы аясында ауа райы құбылысын бақылау жөніндегі қадағалау орталығының ұсынысына сәйкес шекаралық аймақтарда озон қабатына әсер ететін заттарды тасымалдауды реттеуге ерекше назар аударылды. Семинар барысында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қалалық кедендік жүйе қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, бірлесіп жұмыс жасаудың жолдарын қарастырды. Кедендік одаққа орай көрсетілер қызмет сапасын жақсарту, бір жүйелік жұмысты жүзеге асыру, лицензия беру жайы тарқатылды. Заңсыз тауар айналымының алдын алуға жете көңіл бөлінді. Іс-шара аясында бірқатар техникалық жарақтармен, олармен жұмыс жасау жолдарымен, азық-түлік тауарларының кодтарын айырумен танысты. Жұмыс қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.