Кеденшілер киелі жерді қоқыстан тазартты

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Таяуда маңғыстаулық кеденшілер Бүкіләлемдік мирас күнін атап өту аясында 9-10 ғасырларға телініп, Қазақстан аумағындағы ең ежелгі ескерткіштердің бірі саналатын Қалипан қорымында сенбілік өткізді,
None
None

деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Кеден қызметінің қызметкерлері қорымның жан-жағын қоқыстан тазалап, бұзылған қоршауларды қалпына келтірді.

Қорым маңын жинастырғаннан бөлек, кеденшілер туған өлкенің тарихынан да зор мағлұмат алды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум