?KEGOC? бюджетіне түзетулер енгізілмек

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ 2009 жылдың кіріс және шығыс бюджетіне өзгерістер енгізуді көздеп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Компания бойынша белгіленген жалпы кіріс көлемін 14 пайызға немесе 6123,6 млн. теңгеге төмендету жоспарланды. «Негізгі қызметтен түсетін кіріс» 9,4 млрд. теңгеге төмендетілмек, бұл өзгеріс көрсетілетін қызмет көлемінің қысқартылуына байланысты болмақ. Ал бюджеттің жалпы шығыс бөлігі 4,3 млрд. теңгеге немесе 11 пайызға өспек, бұл ретте шығыстың 10 млрд. теңгеден астам сомаға артуы компанияның инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін тартылған қарыздың (шетелдік валютадағы) бағамдық айырмасының есептелуімен орайластырылып отыр. Өзіндік құн бойынша шығыстар 5,8 млрд. теңгеге азаймақ, бұл түзетулер өткізілген конкурстар мен жасалған келісімшарттардың қорытындысы бойынша үнемдеу (1,2 млрд.т), шығыстарды алып тастау (2, 7 млрд.т), шығыс көлемін азайту(1,9 млрд.т) есебінен жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №289 «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтер мен ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту шаралары туралы» өкіміне сәйкес «KEGOC» АҚ шығысты 177 млн. теңгеге қысқартты. Бүгінгі күні компанияда басқарушы буынды қайта құрылымдау және оңтайландыру үдерісі аяқталып келеді. Орталық аппаратқа тоқсандық сыйақы мен бонустардың берілуі тоқтатылды, әкімшілік және қосалқы қызметкерлердің 33 бірлігі қысқартылды. Бұл ретте өндірістік-техникалық мамандар қысқармағанын атап өткен жөн.
Соңғы жаңалықтар