Келес өзенiндегi судың көлемі қауіпті деңгейдің 63,4 пайызына жетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше ҚР ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімшесінің жеке құрамы Отырар ауданына қарасты Шәуілдір елді мекенінде жалпы ұзындығы 900 метр болатын арық пен арналарды көктемгі тасқын сулардың ағып кетуіне кедергі келтіретін қоқыстар мен мұздардан тазалады.
None
None

Сонымен қатар үй аулаларында үйілген күртік қар сыртқа шығарылды.  Ал Мыңшұңқыр ауылында  биікті 70 см, ені 1,5 метр, ұзындығы 120 метр бөгет салынды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 Ордабасы ауданының Төрткүл елді мекенінде ҚР ТЖМ бөлімшелері еріген қар суларын сорғызу жұмыстарын атқарды. Темірланда «Шымкент-Самара» автожолының астындағы арна тереңдетіліп, ені кеңейтілді. 

 Сонымен бiрге облыстар мен аудандарда жаға бекiткiш және су басуды алдын алу мақсаттарында арналар мен бөгеттерді бекіту және тазарту жұмыстары жүргiзiлдi.

 ҚР ТЖМ-нің «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесі берген ақпарат бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен-сулардың (Бадам, Сайрам-су, Жігергенсай, Угам, Қарашық, Баялдыр, Жабағылы, Арыс) көлемі қауіпті деңгейдің 4,5-тен 37 пайыз үлесіне дейін жеткен. Ал Келес өзенiндегi судың көлемі қауіпті деңгейдің 63,4% үлесін құрайды.

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері жоғары дайындық режіміне ауыстырылды. Күштердің жалпы саны 568 адам, 106 техника мен 21 бірлік жүзу құралдарын құрайды. Облыстағы ахуал бақылауда тұр.

Соңғы жаңалықтар