Келешегіміздің анық әрі түсінікті болуына қол жеткізу үшін бірлік қажет, бауырластық қажет - Елбасы

«Бүгін Қазақстанда өмір сүру әркім үшін мәртебе. Әр қазақстандық өз болашағын мығым деп есептейді. Әр қазақстандық өз балаларының болашағына сеніммен қарайды. Біз қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуына, баспаналы болуына, білім алуларына, ең үздік медициналық мекемелерде емделулеріне, біздің балаларымыздың ең сапалы мектептерде оқуларына жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз оны құрып та жатырмыз»,-деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысының атап өткеніндей, бұл меже тек қазақстандықтардың ынтымағы әрі қарай жарасым тауып, халықтың бірлігі жылдар өткен сайын нығая берген кезде ғана қол жеткізілетіндігін атап көрсетті.
«Осының барлығына қол жеткізу үшін бірлік қажет, бауырластық қажет, барлық халықтың махаббаты қажет. Осы мерекелерде бір-бірімізге деген махаббатымызды көрсетейік,»-деді Елбасы.
Сонымен қатар салтанатты шара барысында Президент, «шет мемлекеттер біздің толеранттылық моделімізді және Қазақстан халқының Ассамблеясы сынды органды зерттеп, танып жатқандығын» атап өтті.