13:30, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
Келешекте Түрк ПА құрамы кеңейетіндігіне сенім бар - Мехмет Әли Шахин
АНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ТүркПа құрамы кеңейетіндігіне үміт бар. Бұл туралы бүгін ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мехмет Әли Шахин мәлім етті.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер тарапынан ТүркПА-ның болашақтағы құрамын кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты сауалдар болған еді. «ТүрПА құрамында әзірше төрт елміз. Алдағы кезеңде Өзбекстан мен Түркіменстанды да Ассамблеяға қосу бағытында жұмыстар атқарып келеміз. Бұған тек қана ПА хатшылығы ғана емес, 4 елдің Парламент төрағалары да атсалысуда. Сондықтан да, ТүркПА-ның болашақ құрамы ұлғаятындығына сенім бар», - деді Мехмет Әли Шахин.