13:48, 30 Сәуір 2011 | GMT +5
Келесі аптада Қостанайда балаларға полиомиелитке қарсы қосымша екпе жасала бастайды
ҚОСТАНАЙ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - 3-7 мамырдың аралығында Қостанай облысында 5 жасқа дейінгі 63 мыңнан астам балаға вакцина егіледі.

Облыстық СЭС департаментінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Қазақстанда полиомиелит ауруы тіркелмегенімен, профилактикалық мақсатта қосымша екпе жасау туралы шешім қабылданып отыр.
Иммундау үшін дәрігерлер бельгиялық «Полио Сабин-ТМ» вакцинасын пайдалануда. Облыста бұл препараттың 75 мың дозасы бар.