Келесі аптада Литвада Интернетті басқару жөніндегі дүниежүзілік форум өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Литва астанасы - Вильнюсте келесі аптада Интернетті басқару жөніндегі дүниежүзілік форум өтеді.
None
None

Оған әлемнің 70 шақты елінен ірі компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, оқу орындарының өкілдері қатысады. Форумға қатысушылардың жалпы саны 2 мыңнан астамды құрайды, деп күтілуде.

Форум аясында ғаламтордағы деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Интернетке қосылу, ғаламторды дамыту мәселелеріне арналған жарыссөздер өтеді. Қыркүйектің 14-17-сі аралығында өтетін форумның аясында бірнеше ондаған түрлі секциялар жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар