Келесi жылы «Дала кыраны» халықаралық әскери жаттығуына Тәжікстан қатысады

АЛМАТЫ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Келесi жылы «Дала кыраны» халықаралық арнайы-тактикалық әскери жаттығуына Тәжікстан қатысады. Биыл олар жаттығуға бақылаушы ретiнде қатысуда. Бұл туралы "Дала қыраны-2010" шарасына қатысып жатқан, АҚШ әскерилерiнiң жетекшiсi, АҚШ-тың құрлық әскерлерi, жаттығу бағдарламалары және жаттығу өткiзу бөлiмiнiң директоры Джордж Коун айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, Тәжiкстан тарапы биылғы жылы жаттығудың шарттарымен танысуда. "Дала қыраны" әлемде өте танымал. "Сондықтан алдағы уақытта басқа елдер де қатысуға ықылас танытады деп ойлаймын", дедi Джордж Коун. Оның сөзiне қарағанда әскери жаттығудың деңгейi жыл сайын өсiп келедi. "Мен өзiм жаттығуға 2 жылдан берi қатысып келемiн. Байқауымша жаттығу деңгейiнде өсу бар. Жалпы жаттығуға қатысушы тараптардың әрiптестiгiне үлес қосу, қорғаныс министрлiктерiнiң өзара ықпалдастығын арттыруға мүмкіндік бередi. Менiң ойымша Қазақстан мен АҚШ-тың қатынасы үшін өте маңызды", дедi американың әскери қызметкері.

Соңғы жаңалықтар