Келесі жылы елордада 250 орын арналған көпбейінді балалар стационары пайдалануға беріледі

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Келесі жылы елордада 250 орын арналған көпбейінді балалар стационары пайдалануға беріледі,
None
None

деп атап өтті Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала активімен өткен жиын барысында.

Оның атап өтуінше, денсаулық сақтау жүйесінде соңғы 3 жылда 10 түрлі емдеу мекемелері пайдалануға берілді, бұл аурухана төсек-орындарының жеткілікті санымен қамтамасыз етуге мүмкінідк берді.

«Қазіргі уақытта біздің күш-жігеріміз емхана буынын дамытуға бағытталған. Күні кеше ғана Тәуелсіздік күнінде 500 төсек-орынға арналған көпбейінді стационар пайдалануға берілді. Біз бірінші қалалық аурухананың шататын, қызметкерлерін осында ауыстырдық. Келесі жыл біз 250 орын арналған көпбейінді балалар стационарын пайдалануға береміз. Тағы екі нысан, атап айтқанда үлкендерге және балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда», - деді әкім. Сонымен қатар оның атап өтуінше, қала алдында бейінді емханалар бойынша міндеттер тұр. Атап айтқанда, туберкулезге қарсы диспансер салу міндеті қойылған.

«Денсаулық сақтаудағы екінші проблема емхана буынымен байланысты. Бізге таяу 2-3 жылдың ішінде бұл мәселені жоқ дегенде 5-10 жылда денсаулық сақтауда проблема туындамауы үшін шешуіміз керек», - деді И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар