Кен ауылындағы мектепте алғаш рет жаңа жылдық шырша жағылды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданы Отрадное селолық округіндегі Кен ауылында іске қосылған мектепте алғашқы жаңа жылдық шырша жағылып, балғындар қызық-қуанышқа кенелді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ошағының зардабын шегіп келген ауылдың 120 бүлдіршіні осылайша жаңа мектеп табалдырығын той-думанмен аттады. Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 181 миллион теңге қаржы бөлініп, айналасы тоғыз айдың ішінде «Аристократ-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктік нысанды іске қосқан. Ендігі күні балғындар акт залында ән айтып, би билейді, спорт залында денелерін шынықтырып, спортпен достасады. Тігіншілер мен жұмысшылар кабинетінде балғындар таңдаған мамандық қыр-сырын меңгереді. Ал 14 компьютерлі кабинетте ғаламтор әлемін шарлап, білімдерін жетілдірмек. Олар үшін жайлы асханада бір мезгіл ыстық ас ұйымдастырылады. Ал ауылдың 25 сәбиі күніұзаққа уақыттарын шағын бақшада өткізіп, ата-аналарының алаңсыз жұмыс жасауына мүмкіндік жасалған.

Соңғы жаңалықтар