Кендірлі шипажайының соңғы концепциясы ҚР Президенті мен Үкіметіне қараша айында ұсынылады

АҚТАУ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Кендірлі шипажайлық аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша бірізді жұмыс жалғасуда.
None
None

Шипажайлық демалыс орталығы мен «Кендірлі» халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) жасалды. Республикалық бюджеттен бөлінген 420,5 млн. теңге қаражатына нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталуда.

ТЭН-ге сәйкес сыртқы инфрақұрылым құрылысының жалпы бағасы 9,3 млрд. теңгені құрайды. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспарына сәйкес бұл нысандардың салынуы 2013 жылғы республикалық бюджеті есебінен қарастырылған.

Кендірлі халықаралық шипажайының, соның ішінде халықаралық әуежайдың құрылыс жобасы елдегі 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына енгізілді. Әуежайды салу жобасы бойынша ТЭН жасалды, «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қазақстандық орталығы» АҚ-ның оң қорытындысы алынды, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне 86,7 млн. теңгеге ЖСҚ-ны әзірлеу өтінімі жіберілді. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі шешілуі тиіс.

Курорт Кендерли

Шипажайды дамыту концепциясына келетін болсақ, жақында «Индустрияны дамыту қазақстандық институты» АҚ мен «THR» компаниясының мамандары Маңғыстау облысына барды. Олар болашақ шипажайдың жаға маңындағы аймағында, әуежайда, «Темір баба» бекетіне дейінгі аймақта болып, концепцияны Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановпен талқылады.

Алдын ала жобада экологияны қорғау, табиғаттың алуантүрлілігін, ұлттық дәстүрлерді сақтау, спортты және туристерге арналған көптеген ойын-сауық түрлерін дамыту бойынша міндеттер есепке алынды. Алдын ала эскизге сәйкес, шипажай аймағы бірнеше аймаққа бөлінген. Егер бұл құрамдас өңдеу барысында концепциядан шығарылмаса, шипажай су арналарының болуымен ерекшелене алады.

Жобаны әзірлеу тамыздың аяғына дейін жалғасады, одан кейін облыс әкіміне ұсынылады. Кендірлі шипажайының соңғы концепциясын ағымдағы жылдың қараша айына қарай өңдеп шығару жоспарлануда. Сол кезде ол ел Президенті мен ҚР Үкіметіне ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар