Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұды Жеңістің 65 жылдығына орай қарт жауынгерлер мен тыл ардагерлері, қала жұртшылығы, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері, оқушылар мен студенттер, жастар бірлестіктерінің мүшелері жерлес батыр ағаларының ескерткішіне келіп, тағзым етті. Жиналған қауым алдында зейнеткер Рауф Акбердин сөз сөйлеп, баршаны Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтады. Сонымен бірге академик, жазушы, ғалымның өмірі мен шығармашылығы жайында кейінгі буын жас толқынға үлгі-өнеге болар істерін, білім жолындағы ізденісін, ғалым ретіндегі табандылығын тілге тиек етті. Басқа да қарт майдангерлер қаруласының өнегелі өмір жолын әр жас жеткіншек өзіне ту қылып ұстауы қажеттігіне ерекше тоқталды. Батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімі Сергей Дьяченко қатысып, ардагерлер туралы жылы лебіз білдірді.