Кеңес жауынгерінің ерлігінен асқан ерлік болған емес - ҚР президенті Роза Отынбаева

Р.Отынбаева ТМД басшыларын Ұлы Жеңістің 66 жылдығымен құттықтап, жеделхат жолдады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ТМД елдерінің басқа да басшыларына жіберілген жеделхатта былай делінген:
«Жеңіс күнінің 66 жылдығына арналған менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл жалпыхалықтық мереке басқыншыларға бағынбай, Отанының тәуелсіздігін қан майданда батырлықпен қорғап, Жеңістің қаруын жанпидалықпен шынықтырған жеңімпаздардың даңқты ұрпағымен байланысты. Кеңес жауынгерінің ерлігінен асқан ерлік әсте болған емес.
Біздің халықтар қаһарлы жылдардың барлық қатал тезінен мойымай өтті. Майдан даласында шынықтырылған бұл достық, біздің елдер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің одан әрі дамуының мықты негізі боларына сенімдімін».