Кеше Қарағанды облысы Осакаровка ауданында 500 га далалы алқап өртке оранды

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды облысы Осакаровка ауданындағы Құрқопа ауылында 500 га далалы алқап өртке оранды.
None
None

ҚР ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, от сәрсенбі, қыркүйектің 8-і күні 11 сағат 20 минутта шыққан. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының және жергілікті 30 тұрғын мен олардың 4 техникасының күшімен 20.08-де тоқтатылып, екі сағаттан кейін толығымен ауыздықталды.

Қыркүйектің 9-ы, түңгі сағат 2.10-да Қарағанды облысында сондай-ақ, Ұлытау ауданы, Ақтас ауылдық округіне қарасты Ақтас ауылының маңындағы далалы жерде осыдан екі күн бұрын тұтанған өрт толығымен жойылды. Оған облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы, жергілікті 17 тұрғын мен 7 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар