13:13, 11 Шілде 2013 | GMT +5
Кесілген ағаш мотоцикл жүргізушісін басып қалды - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 11 шілде. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылындағы жолда келе жатқан 57 жастағы мотоцикл жүргізушісін кесілген ағаш басып қалды.
Ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.
36 жастағы жергілікті тұрғынның қауіпсіздік ережелерін бұзып, жолға таяу өскен ағашты кескені анықталды. Оның салғырттығынан ер адам қаза тапты.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.