Кетуім туралы бір адамға ғана айттым, бірақ оны бүкіл Қазақстан білді - ҚР ауыр атлетика құрамасының жаттықтырушысы Алексей Ни

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - «Құрамадан кететінімді қызуға беріліп айттым», - деп мәлімдеді Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Алексей Ни.
None
None

«Біз Лондондағы Олимпиадада төрт алтын медальды жеңіп алдық. Маған одан ары бару мүмкін емес сияқты көрінді. Эмоциялар басып кетті. Бұл әлсіздік минуты болды. Содан кейін, у-шу бәсеңдегенде өз билігім өзімде емес екенін түсіндім», - деді жаттықтырушы.

«Демалған соң жұмысқа қайта кірісу керек. Менің жігіттерім, басшылығым бар. Бұл мәлімдеме арқылы тудырған дүрбелең үшін кешірім сұрағым келеді. Мен ол туралы бір-ақ адамға айттым, бірақ бүкіл Қазақстан білді. Қазір демалғым келеді, одан кейін жаңа олимпиадалық кезеңге дайындаламын».

Естеріңізге сала кетейік, Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиадада Алексей Нидің тәрбиеленушілері 4 алтын медальға қол жеткізді. Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және әлемдік рекорд орнатқан Илья Ильин жеңістің тұғырына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар