Кейбір аймақтарда ауруханаға шұғыл тәртіпте жатқызылған науқастардың саны 3 пайызға артты - Е.Біртанов

СТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жыл басынан бері кейбір аймақтарда ауруханаға шұғыл тәртіпте жатқызылған науқастардың саны 3 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мен Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған республикалық кеңесте ведомство басшысының орынбасары Елжан Біртанов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Біртановтың айтуынша, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілген 2010 жылдың басынан бері кейбір аймақтарда эпидемиялар мен апатты жағдайлар орын алмаса-дағы, ауруханаға шұғыл жатқызылуы тиіс науқастардың саны 3 пайызға артып кеткен. Оның пікірінше, көп жағдайда дәрігерлер шұғыл түрде ауруханаға жатқызу туралы жолдамаларды қатерлі емес диагноздар бойынша жөнсіз берген. «Олардың арасында қажетті тексерулер мен ем-домдарды дәрігердің жолдамасынсыз-ақ өтуге болатын жағдайлар бар», - дейді ол.

Вице-министр бұдан былай мұндай жағдайдың әрқайсысына сараптама жүргізіліп, министрлік жемқорлық көздерінің бұл түрімен қатаң күресетінін қадап айтты.

Өз кезегінде, ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Ербол Орынбаев Е.Біртанов пен ведомство басшысы Ж.Досқалиевқа ауруханаға шұғыл тәртіпте жатқызылғандардың көрсеткіші кенет артқан облыстарға тексерістер жүргізуді тапсырды. «Аурахана жай ғана емделу үшін жататын шипажай емес, бұл мемлекеттік қаражат. Нақты фактілер мен кінәлілерді анықтап, табыңыз», - деді ол.

Айта кетейік, 2010 жылдың басынан бері Қазақстанда барлығы 114 мың науқас емделді. Е.Біртановтың айтуынша, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізумен, ауылдық елді-мекендерден Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларға емделушілер көптеп ағылады деген қауіп расталмады және факті бойынша, өзінің тұрғылықты жерінен тыс стационарлық ем алғандардың саны небәрі 3 пайызды ғана құраған.

Соңғы жаңалықтар