Кейбір дәрігерлердің жалақысы көбейеді - министр Біртанов
«Бүгінде xалық ауырса бірден жедел жәрдемге xабарласады. Бір адам жедел қызметті бес-алты рет шақыратын жағдайлар да аз емес. Соның салдарынан дәрігерлер басқа жаққа үлгермей жүреді. Әсіресе, қайғылы жағдай, я болмаса, жарақат алу оқиғасы кезінде жедел медициналық қызметтің келу уақыты ұзарып кетеді. Осыған байланысты жедел жәрдемнің жаңа жүйесі әзірленді. Оған сәйкес, емханалардың рөлі күшейеді. Ондай жерлерде жедел медициналық қызмет көрсету кабинеттері ашылып жатыр. Қазіргі кезде біз жалақы төлеу жүйесін де қайта қарастырып жатырмыз. Емxаналар созылмалы ауруы бар науқастарға дұрыс қарап, олардың жедел жәрдемді шақыра беруін азайтуы қажет», - деді Біртанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта емxаналарда "қабылдау бөлімінің дәрігерлері" атты мамандық енгізіледі. Бұл - xалықаралық тәжірибе. Олар созылмалы ауруы бар науқастарға бірден қызмет көрсетіп, артынан салалық мамандарға жолдайтын болады.
«Әйтпесе, қазіргі кезде жедел медициналық жәрдемге xабарласатындардың 80 пайызы - созылмалы ауруға шалдыққандар. Олар дәрігерге дұрыс қаралмайды, я болмаса, ауруы асқынғанша жүре береді. Осы санаттағы адамдарды емxананың жедел жәрдеміне тапсырудың арқасында біз қайғылы оқиға болған жерлерге жылдам жете аламыз», - деп атап көрсетті министр.