Кейбір шағын қалалардың әкімдері сумен жабдықтау ақшасын өздері жинауға мәжбүр

«Сумен жабдықтаудағы негізі бөлік - есептеу құралдарын орнату. Бұл барынша өзекті мәселе. Біз Шымкент су арнасын үнемі мысалға келтіреміз. Менің білуімше, онда есепке алу жолға қойылған және соның арқасында шығын жоқ әрі (ақша) жинау да тәуір», - деді Үкімет басшысы.
Осы ретте Премьер-Министр бұл жұмыстардың кейбір өңірде дұрыс жолға қойылмағандығын айтты.
«Кейбір шағын қалалардың басшылары өз аяқтарымен барып, ақша жинайтын жағдайға дейін жеттік. Бұл жақсы емес. Ертең (коммуналдық) қызметтер үшін аулаларды тазалайтын боламыз. Әкімдердің деңгейін қай жерге дейін түсіргенімізді білмеймін»,- деді ол.
Сонымен қатар Сағынтаев сумен жабдықтау кәсіпорындарын басқару мәселесіне де тоқталып өтті.
«Қазір мемлекеттік жеке-серіктестік аясына беріле бастады. Біз халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істейтін боламыз. Басқаруға беріледі, бірақ, қорытындысында нақты инвестициялық бағдарламалар басқаруына беріле ме? Жақсы басқарушы деумен келіп, ақша тартамын деп алып, нәтижесінде ештеңенің істелмегендігін көреміз. Бұл ретте барлығын тыңғылықты қараған жөн», - деді Үкімет басшысы.