Кейінгі бес жылда Өзбекстанда тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі 80 есе өскен

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Жыл басынан бері Өзбекстанда 13 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Кейінгі бес жылда Өзбекстанда тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі 80 есе өскен
Фото: Pexels

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кейінгі 5 жылда Өзбекстанда бұл бағытта жасалған қылмыстардың саны — 2, ал тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі 80 есе өскен.

2024 жылы құқық қорғау органдары 5 жасырын есірткі зертханасын анықтаса, биыл 10 айда олардың саны 12-ге жетті. Қаңтар-қазан аралығында республикада 13 мыңға жуық есірткі қылмысы жасалып, 2,7 тоннадан астам психотроптық және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына шектеу қойылды.

Еске салайық, таяуда Өзбекстан билігі есірткі қылмыстарына қарсы күрестің 2025-2026 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын қабылдады.

Сондай-ақ, бірнеше күн бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев вейп, оған арналған хош иістендіргіш пен сұйықтық әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар