Кейптаун конвенциясы Қазақстан аумағында 2011 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді - ККМ

халықаралық кепілдіктер жөніндегі конвенцияға (Конвенция), сонымен қатар авиациялық құрал-жабдықтарға жататын жылжымалы құрал-жабдықтарға қатысты халықаралық кепілдіктер жөніндегі хаттамаға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы құралдарды алғандығы жөнінде хабарлады. Аталған хабарламада, қабылданған құжаттар 2011 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енетіндігі жайлы айтылған, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Жылжымалы құрал-жабдықтарға ие құқықтарына қатысты халықаралық кепілдіктер жөніндегі конвенциясы Жеке меншік құқығын біріздендіру жөніндегі халықаралық институты (UNIDROIT) және Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ICAO) қолдауымен Кейптаун қаласында 2001 жылы өткен дипломатиялық конференциясында қабылданған. Оған 68 мемлекет мен 14 халықаралық ұйым қатысқан. Жылжымалы құрал-жабдықтарға құқыққа қатысты басты принциптер негіздемелік конвенцияда көрсетілген, ал авиациялық, ғарыштық және темір жол құрал-жабдықтары бойынша нақтылаулар үш хаттамада айқындалған.
Бұдан бұрын 2009 жылғы 1 мамырда Президенттің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 559 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Кейптаун Конвенциясына қосылған болатын. Аталған конвенцияға, оның қағидаларын анықтайтын авиациялық құрал-жабдықтарға жататын жылжымалы құрал-жабдықтарға қатысты халықаралық кепілдіктер жөніндегі хаттама әзірленді. Құжаттар Жеке меншік құқығын біріздендіру жөніндегі халықаралық институты (UNIDROIT) және Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ICAO) қолдауымен әзірленді.
Конвенция мен Хаттама халықаралық авиациялық құқық саласында айтарлықтай жетістік ретінде бағаланады. Конвенция жылжымалы құрал-жабдыққа иелік құқығын тіркеу халықаралық жүйесін - халықаралық тізілім қалыптастыруды көздеген. Келісім-шарттарды тізілімде тіркеу оларға халықаралық кепілдік беруін қамтамасыз етіп, несие берушіге өз құқығын қорғаудың бірнеше арнайы тәсілін қолдануға мүмкіндік береді. Конвенция мен Хаттаманың қалыптастырған халықаралық тәртібі несие берушілердің тәуекелдік қаупін төмендетуге, осыған орай, авиациялық техниканы өндіруші елдердің эксперттік-несие беруші агенттіктерінің кепілдіктерін қаржыландыру бағасын төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар, Кейптаун Конвециясы мен Хаттамаға қосылу Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында халықаралық құқық стандарттарын енгізуді жылдамдатады.